Ағашорын ауылында типтік мал қорымын салу жұмыстары жүргізілуде
2026 жылғы 21 қыркүйекпен 19 қазан аралығында ауылдық округ аумағында "Қамқорлық" акция өткізілді. Акция аясында шаруа қожалықтарының басшылары, ЖШС, ЖҚ, Ағашорын және Ұзынсу ЖББМ, ауылдық округ әкімінің аппараты белсенді қатысып Ағашорын және Ұзынсу ауылдарының зейнеткерлерімен халықтың әлеуметтік осал топтарына демеушілік көмек көрсетті.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілер НАЗАРЫНА!
«Игілік»
«Береке»
«Жайлау»
бағдарламаларының басталуы!
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысыңыз!
✅ НЕГІЗГІ ШАРТТАР:
* Есептік нөмірдің болуы.
* Жайылымдық жердің болуы (есеп: 1 басқа 3 га).
* Мал ұстауға арналған үй-жайдың болуы
🐂 САТЫП АЛЫНАТЫН МАЛДЫҢ ЖАСЫ:
* Аналық мал (етті бағыт): 9-18 ай.
* Қашарлар (сүтті бағыт): 12-17 ай.
* Құнажындар (сүтті бағыт, 5 айға дейінгі буаздық): 18-26 ай.
* Асыл тұқымды бұқалар (етті бағыт): 12-26 ай.
💻 ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
* Міндетті түрде RFID сәйкестендіру (чип/сырға).
* Деректерді жинақтау үшін сканерлерді пайдалану.
* АШБ және САТЖАБ жүйелерінде тіркелу («асыл тұқымды» мәртебесі берілуі тиіс).
⚠️ ЕРЕКШЕ ШАРТТАР (МАҢЫЗДЫ!):
📅 Аналық малды мақсатты пайдалану мерзімі — кемінде 4 жыл (ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 03.12. №3-3/1061 бұйрығына сәйкес табиғи өлім нормаларын қоспағанда).
🧬 2. Етті бағыт үшін:
Етті бағыттағы мал сатып алған кезде міндетті түрде:
* І санаттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану (норма: 1 бұқаға 30 бастан аспау).
* НЕМЕСЕ жасанды ұрықтандыруды қолдану (актілермен расталуы тиіс).
⏳3. Өндіруші бұқалар үшін:
Сатып алынған бұқаларды мақсатты пайдалану мерзімі — қатарынан 2 шағылыстыру маусымынан аспауы тиіс (кемінде 18 ай).
📲 Туындаған сұрақтар болса, келесі мекен-жайларға хабарласыңыз:
📍 аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері
📍 Ауыл шаруашылығы басқармасы
📞 32-22-59
📞 32-22-09
📍 Аграрлық несие корпорациясы
📞 1408
📞 87010061991
Ауылдық округ аумағын көркейту және санитарлық тазалау
Көрісу күні - Амал мерекесіне орай Жолдыбаев Қайраткер Рамазанұлын құттықтадық!
15 ақпан (1989-2024 жж.) Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл. Бұл айтулы дата, сонымен қатар қаралы дата. КСРО - Отан шегінен тыс жерде интернационалдық борышын өтеген кеңестік әскери қызметкерлерді еске алу күні. Бұл бүкіл ел өміріндегі қасіретті және сонымен бірге қаһармандық парақ. Бұл күні біз өз өмірлерін қатерге тігіп, антына адал болып, әскери және достық борышын өтегендерді еске аламыз. Тек 10 жылға жуық уақытқа созылған Ауған соғысы арқылы 620 мың әскери қызметкер, Отанымыздың патриоттары өтті.
Отанының патриоттары қатарында жерлесіміз Валерий Геннадьевич Литвинов та болды. Оған зор денсаулық, жұмысына табыс, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз.