Ағашорын ауылдық округінде Агашорын ауылында мәдени демалыс орталығы және Ұзынсу ауылдық клубы жұмыс істейді. Мәдени демалыс орталығының ғимаратында әкімдік, кітапхана, учаскелік полиция инспекторының кабинеті, пошта бөлімшесі орналасқан. "Арт – бит" хореографиялық үйірмесі, "Сударушки" және "Шолпан"вокалдық топтары жұмыс істейді.