2026 жылғы наурыздан бастап Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу кезінде талаптарды бұзғаны үшін айыппұлдар енгізіледі.
Айыппұл мынадай жағдайларда салынады еңбек шарты жүйеге енгізілмесе; – кешіктіріліп енгізілсе; мәліметтер толық көрсетілмесе; қате немесе дұрыс емес ақпарат енгізілсе.
Айыппұл мөлшері жұмыс берушінің санатына байланысты және айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептеледі.
Еске саламыз: Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қабылдау, жұмыстан босату және еңбек шартына енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді уақытында жүйеге енгізуге міндетті.