Тергеп-тексерудің қорытындысы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 7-тармағына сәйкес тергеп-тексеру қорытындылары Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын мемлекеттік құпияларды не өзге де құпия мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.

2025 жылғы 10 қарашада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Магистральдық желі Павлодар бөлімшесі» филиалының қызметкерімен күзетілетін теміржол өткелінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауыр салдарлы жазатайым оқиға орын алды. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында комиссия жұмыс берушінің 100 пайыздық кінәсін анықтады. Жазатайым оқиғаның себептері ретінде өткелде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы және қызметтік міндеттерді орындау барысында қызметкерге қауіпті өндірістік фактордың әсер етуіне жол берілуі көрсетілді.

Дата публикации
06 января 2026