Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 7-тармағына сәйкес тергеп-тексеру қорытындылары Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын мемлекеттік құпияларды не өзге де құпия мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.
2025 жылғы 27 қарашада «Булат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерімен ауыр салдарлы жазатайым оқиға орын алды. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсін — 70 %, жұмыскердің кінәсін — 30 % деп белгіледі. Жазатайым оқиғаның себептері ретінде оқыту мен тағылымдаманы ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз жүргізілуі, сондай-ақ электрқұралмен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы анықталды.