Жазатайым оқиғаның мән-жайлары
16 наурызда сағат 8-де цехтың бастығы А.В. электр желілері мен жабдықтары бойынша электр монтаждаушы В.В.-ға дәнекерлеу-құрастыру цехында биіктіктегі жұмыстарға арналған платформа бойынша электр монтаждау жұмыстарын орындауға өндірістік тапсырма берді. 10 сағат 30 минутқа дейін В.В. электр монтаждау цехында платформалар үшін дайындамалар дайындаумен айналысты. Содан кейін тапсырманы орындау үшін В.В. дәнекерлеу-құрастыру цехына кәсіпорын аумағы бойынша бара жатқанында, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты – көктайғақ (кәсіпорын аумағына құм себілді, бірақ қар жауып тұрды), тайғақ жерге құлады.
В.В.-ға зауыт фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін кәсіпорынның көлігімен №1 қалалық ауруханаға жіберіліп, ауруханаға жатқызылды.
Жазатайым оқиғаның себептері
1.Ауа райының қолайсыздығынан зардап шегушінің құлауы-көктайғақ.
2.Аумақтарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау.