Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 7-тармағына сәйкес, тергеп-тексеру нәтижелері мемлекеттік құпияны немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.
2025 жылғы 3 қыркүйекте «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамының Ақсу ферроқорытпа зауыты филиалының қызметкері А-мен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсін – 100%, ал жұмыскердің кінәсін – 0% деп анықтады. Оқиғаның себептері ретінде жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы танылды