Зардап шегушінің құлауы

Жазатайым оқиға жағдайлары.

 

Жұмысшы даяшы лауазымына жұмысқа қабылданды. Жұмыс ауысымының басталуына дейін арнайы киім ауыстыруға арналған бөлмеде арнайы киім мен арнайы аяқ киімін киіп, өз еңбек міндеттерін орындауға кірісті.

Сағат 16:00-де кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған түстен кейінгі ас басталды. Ауысымда екі қызметкер — даяшы мен аспаз жұмыс істеді.

Сағат 16:40 шамасында жұмысшы әйел үстелдерден пайдаланылған ыдыстарды жинау кезінде лас ыдыстар жиналатын үстелдің жанында компот төгілгенін байқады. Ол инвентар сақталатын шкафтен швабра, шүберек және шелек алып, асхананың кафель еденін сүртті. Сағат 16:00-ден кейін ас үй жұмысшысы болмауына байланысты, аталған жұмыстарды даяшы өзі орындайды.

Жұмысын жалғастырып, жуу бөлімінен асхана залына өту кезінде жұмысшы әйел толық кебіп үлгермеген ылғалды еденде тайып кетіп, сол қолына құлап түсті.

Құлаған сәтте ол сол қолында қатты ауырсыну сезініп, айқайлап жіберді. Оның даусын естіген аспаз зардап шеккен қызметкерге орнынан тұруға көмектесіп, оны қаладағы травматология пунктіне жеткізу үшін такси шақырды.

Жазатайым оқиғаның себептері.

Жұмыс өндірісін ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз болуы - еңбек қауіпсіздігі талаптары мен еңбек тәртібін сақтау бойынша жауапты тұлғалардың тиісті бақылауының болмауынан көрініс тапқан.

Жұмысшыны еңбек шарты мен лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген еңбек міндеттерін орындауға жіберу.

Дата публикации
14 октября 2025