ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 7-тармағының негізінде тергеп –тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.
20.08.2025 ж. ШЖҚ «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» КМК А қызметкерімен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға болды. Жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкердің 0% кінәсін анықтады, себебі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.