ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 7-тармағының негізінде тергеп –тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.
08.07.2025ж. Жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ А және В қызметкерлерімен ауыр нәтижемен аяқталған жазатайым оқиға болды. Жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкелердің 0% кінәсін анықтады, себебі жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы.