Еңбек шартына сәйкес, жұмысшы күзетші лауазымына қабылданған. Таңертең ол кезекшілікті қабылдап, күзет орнында болған. Жұмыс күні басталғанға дейін аккумуляторшы бөлмеге майлы жылытқыш пен ұзартқыш әкеліп, суланған арнайы аяқ киімді кептіру мақсатында жылытқышты тоққа қосып, қараусыз қалдырған. Шамамен жарты сағаттан соң жылытқыш тұрған жерде өрт шыққан. Күзетші түтіннің иісін сезіп, от ошағын анықтап, электр автоматын сөндірген. Көмек шақырғанымен (жұмыс күні әлі басталмағандықтан) ешкім жауап бермеген, кейін телефонды алу үшін түтін басқан ғимаратқа қайта кіріп, басқа есік арқылы сыртқа шыққан. Нәтижесінде денесінің бірнеше жерінен, соның ішінде III дәрежелі күйік алған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы