ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 7-тармағының негізінде тергеп –тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.
20.01.2025 ж. «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС қызметкері А-мен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға болды. Жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100% және қызметкердің кінәсінің 0% анықтады, себебі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.