Тергеп-тексерудің қорытындысы

         ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 7-тармағының негізінде тергеп –тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.

         23.01.2025 ж. «Астана ҚАЛА  ҚҰРЫЛЫС» ЖШС қызметкерімен ауыр жазатайым оқиға болды. Жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 95%  және қызметкердің кінәсінің 5% анықтады, себебі жәбірленушінің өрескел абайсыздығы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.

Дата публикации
26 февраля 2025