Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 7-тармағының негізінде тергеп-тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.
Аталған талаптарды орындау шеңберінде 2024 жылғы 14 желтоқсанда «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерімен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға болғанын хабарлаймыз, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100% анықтады, себебі жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, бағынысты персоналдың жұмыстарды қауіпсіз жүргізуіне тиісті бақылаудың жоқтығын білдірді.