Тергеп-тексерудің қорытындысы

         Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 7-тармағының негізінде тергеп-тексеру жүргізу қорытындылары мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында жарияланады.

            Аталған талаптарды орындау шеңберінде 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Павлодаржолдары» ЖШС қызметкерлерімен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға болғанын хабарлаймыз, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100%  анықтады, себебі жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстарды жүргізудің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, еңбекті қорғау талаптарының орындалуын тиісінше бақыламауында көрініс тапты, бұл жазатайым оқиғаға әкелді.

Дата публикации
03 февраля 2025