Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері

Жазатайым оқиғаны мән-жайлары

А бас инженерден алынған тапсырмаға сәйкес Б және 5-ші В санатты қазандықтар және тозаң дайындау шеберханаларының жабдықтарын жөндеу бойынша слесарьлар траншеяларды қайта толтыру бойынша  жұмыстарды орындады. В шамамен 15 сағатта Б-ға шеберханаға барып, жігіттерге құбырларды түсіруге көмектесуді ұсынды. Олар бұл туралы шеберге хабарлаған жоқ.

Олар құбырды барлығы бірге түсіре бастады: трубаларды тиеп, тіркемеде Б және В тұрды, ал Г және Д оларды қабылдап алып тұрды. Жүк түсіру жұмыстары арқалық-кранның көмегімен жүргізілді. 4-ші санатты Г және Д-ға қазандықтар және тозаң дайындау шеберханаларының жабдықтарын жөндеуге бойынша слесарьларына шаршы кесігі құбырларын түсіру тапсырмасын Е шебері берді.

Тіркемедегі құбырлар шашырап қалды, сондықтан оларды бұғалықпен тартып, екі рет көтерді де арқалық-кранның көмегімен түсірді. Тіркемеде ұзындығы 12 м және көлемі 160х120 мм шаршы трубасы бар бір бума шаршы кесегі құбырлары қалды. Бұл құбырлар ені 20 мм металл лентамен бес жерден тартылды. B Д-дан оған тіркемеге кескіш беруді сұрады және кабина жағынан тұтастырғышты кесуге кірісті. Барлық бес тұтастырғыштар кесілді.Осыдан кейін, В кескішті Д-ға берді де бұғалықты сұрады. Б осы кезде кабинаның қасында болды. Д бұғалықты берді де, баспалдақты алып тастауға кетті. Сағат 15.30 шамасында В тіркеменің еденіне бұғалықты қойып, кетуге бұрылып, тіркемеден түсіп кеткен кезде, жоғары тұрған трубалар құлап, артынан тағы үш труба құлады және В-ның оң жақ аяғын соқты.

 Жазатайым оқиғаның себептері

Е шебердің жағынан жүктерді түсіру кезінде жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын тиісті бақылаудың болмауы бөлігінде жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы.

2.17-тармақты бұзу. № 49 «Учаскі шеберінің лауазымдық қызмет нұсқаулығы» 2.17-т. «Жұмысшылардың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздік техникасы, өндірістік және еңбек тәртібі ережелерін сақтау ...».

Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері
Дата публикации
14 октября 2020