Тергеп-тексерудің қорытындысы

         Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.

         Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 2024 жылғы 20 тамыз күні «Проммашкомплект» ЖШС Б жұмыскерінің ауыр жарақатымен аяқталған жазатайым оқиғаны тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 50%, қызметкердің кінәсінің 50%  анықтады. Жазатайым оқиғаның себебі жұмыс өндірісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, жәбірленушінің өрескел абайсыздығы болды.

Дата публикации
09 января 2025