Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 2024 жылғы 15 тамызда «Қазақстан алюминийі» АҚ А және Б қызметкерлерімен топтық жазатайым оқиға болды, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100% анықтады, оның себебі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты қызметкерлер тарапынан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.