Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 12.09.2024 ж. «Тұлпар» СИЦАТС» ЖШС қызметкерлерімен ауыр нәтижемен жазатайым оқиға орын алды, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсін 100% анықтады, себебі зардап шеккен адам тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу болды.