Тергеп-тексерудің қорытындысы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.

Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 2024 жылғы 23 қазанда «Павлодар алюминий зауыты» АҚ қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100% анықтады. Жазатайым оқиғаның себебі жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.

Дата публикации
18 декабря 2024