Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 2024 жылғы 22 қазанда Павлодар қаласында «Қазақстан Халық банкінің «Халық-life» Өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің 100% кінәсін анықтады. Жазатайым оқиғаның себебі жол қозғалысы ережелерін бұзу болды.