Тергеп-тексерудің қорытындысы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.

Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 2024 жылғы 07 тамызда «ПРОММАШ. КЗ» ЖШС қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 80% қызметкердің кінәсінің 20%  анықтады. Жазатайым оқиғаның себебі жұмыс өндірісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, жәбірленушінің өрескел абайсыздығы болды.

Дата публикации
18 декабря 2024