Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
Аталған талаптарды орындау аясында хабарлаймыз, 2024 жылғы 05 шілдеде «Сервис» ЖШС қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды, тергеу барысында комиссия жұмыс берушінің 100% кінәсін анықтады. Жазатайым оқиғаның себебі жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру болды.