Жазатайым оқиғаның мән-жайы
Шамамен сағат 20.30, жұмыскер А ДСУ-1 арбаларының қасында аралық тазалау өткізу барысында жерде жатқан құйма бөлігін көрді. Сол құйманы көтеріп жанында тұрған қорапқа қоймақшы болды. Алайда ұстай алмай,құйманы оң аяғына құлатып алды. Аяғының ауырғанын сезіп, А болған жағдайды бригадир Б-ға айтты. Б жедел жәрдем шақырып, шебер В-ға хабарлады. Жедел жәрдем А-ға алғашқы көмек көрсетіп ауруханаға жеткізді.
Жазатайым оқиғаның себептері:
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы.