Жазатайым оқиғаның мән-жайлары
Павлодар қаласының медициналық мекемесінде А.К. мектеп медбикесі болып 2018 жылдан жұмыс істейді.
Мектеп медбикесінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес А.К. оқушыларды профилактикалық медициналық тексеруді ұйымдастырды.
2019 жылдың 11 наурызда сағат 14.00-де оқушыларды балалар емханасына апарған кезде Кутузов көшесі 89/2 үйінің жанында тайып құлап , басын соғып алды. Осыдан кейін №1 қалалық ауруханаға жүгініп, тексеріліп, ауруханаға жатқызылды.
Диагноз- жабық бас миының жарақаты. Мидың шайқалуы. Бас терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруі, гематомалары. 3 дәрежелі артериялық гипертензия, қауіп 3.
Жазатайым оқиғаның себептері
Негізгі себептері:
1) ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты зардап шегушінің құлауы-көктайғақ.
2) аумақтарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау (Кутузов көшесі,89/2 бойынша қызмет көрсетілетін үй)
Бұзушылық: ҚР Еңбек Кодексінің 182-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында «жұмыс беруші: жұмыс орындарында кез келген тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті».