Жазатайым оқиғаның мән-жайлары
2020 жылдың маусымда А үш адамнан тұратын бригада құрамында 9 сағат 00 минутта ауысымға түсті. 21 сағат 11 минутта зембілді науқасты қалалық ауруханаға жатқызған кезде, зембілді қабылдау бөлімшесінің табалдырығы арқылы аунатып жіберу сәтінде зембіл құрылғысының алдыңғы бөлігі жиналып қалды, соның салдарынан фельдшер зембілдің өз жағынан жақта қолында ұстауға мәжбүр болды, сол кезде Б жедел жәрдем жүргізушісі зембілді артқы жағынан ұстап тұрды. Осы оқиғадан кейін А фельдшері бел омыртқасында ауырсыну пайда болды, аяғының жаны кете бастады, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жатқызылды.
Жазатайым оқиғаның себептері
Оқиға фактісі бойынша құжаттамамен, материалдармен және түсіндірмелермен танысқаннан кейін комиссия А жарақатының себебі зембілді қабылдау бөлімшесінің табалдырығы арқылы аунату сәтінде зембілдің алдыңғы дөңгелегі табалдырыққа соғылғанын және осыған байланысты зембілдің алдыңғы бөлігі жиналып қалғаны анық болды.