Жазатайым оқиғаны мән-жайлары
Сағат 08-де 30 минутта АҚ мердігер мекемесінің жұмыскерлері гидроцилиндрді жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды бастады. Жұмыс сомынға бекітілген екі бүркеншексіз шегеден және екі бұрандамамен бекітілген гидроцилиндрдің сомын арнайы кілтпен босатудан тұрды.
Сағат 14-10 минут шамасында А мастер-механик, өз бастамасы бойынша, «жұлдызша» тәрізді кілттің сынған қалдықтарын бұранданың корпусынан шығаруға тырысты. Ол үшін дюбел шегені өзек ретінде алып, оны «жұлдызша» кілтінің сынығына тіреп, оны балғамен соғуға кірісті, ал А мастер-механиктың кейінгі түсіндірулеріне сүйенсек, ол өз жұмысында қолданған ашық түрдегі қорғаныш көзілдіріктер түсірілген күйде болды, ал ол оның үстінен қарады, балғамен дюбел шегені кезекті соққысынан кейін «жұлдыз» тәріздес кілтінің сынығынан метал бөлігі сындырылды, ол ұшып шығып, А-ның төмен түсірілген қорғаныш көзілдірігінің үстінен өтіп, оң көзіне тиді. А орнынан тұрды да, қолымен көзін ұстап, бокстағы жуғышқа жүгірді. АҚ-ның Б сервистік инженері А көз жарақатын алғанын көріп, алғашқы көмекке қажетті заттарды алу үшін дәрі қобдишасына жүгіріп барып,ал өзінің серіктесі В-ны телефон арқылы жедел жәрдем шақыруға жіберді. Жедел жәрдем шақырылды.
Жазатайым оқиғаның себептері
Еңбек және өндірістік тәртіпті бұзылғандығы, зардап шеккен А, Liebherr LTM 1300 жүк көлігінің краны бойынша қауіпсіз жұмысты бақылау және ұйымдастыру бойынша жауапты тұлға болып тағайындалған,бірақ өз бастамасы бойынша соққыш құралды қолдана отырып, функционалдық міндеттеріне кірмейтін слесірлік жұмыстарды бастағанынан білінді.
Бұзушылық:ДИ-2-1.11.АТЦ-01-02-2016 лауазымдық қызмет нұсқаулығының 7 бөлімінің 38 тармағы (2018 жылғы 15 қазандағы Автокөлік цехы туралы Ережеге №3 толықтыру)
Жәбірленушінің өрескел немқұрайлылығы, А соққыш құралмен (слесірлік балғамен және өзекпен) жұмыс кезінде пайдаланған қорғаныш көзілдірікті оның көзін ұшып тұрған металл сынықтарынан қорғай алмайтындай төмен түсірді, нәтижесінде көздің жарақатын алғандығынан көрінді. Бұзушылық 2.6) ҚР Еңбек Кодексінің 18 Тарауы, 181 бабы.