Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары

П ЖШС-не тұшпара аппаратының операторы болып жұмысқа қабылданды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытусыз және білімін тексермей жұмыстарды орындауға жіберілді.

Сағат 08.30-да өндіріс меңгерушісі барлық қызметкерлерге бір күнге тапсырма беріп, оларды жұмыс орындарына қойды. П және С операторлары тұшпара аппаратында 100 кг тұшпара жасау тапсырмасын алды.

Сағат 9-да П мен С ұн цехынан қамыр алды, содан кейін П қамырды илеу машинасында жайып, С - мен бірге тұшпараның алғашқы партиясын шығарды.

Сағат 12.30-да олар қамырдың екінші партиясын алды. Жаю аппаратының жұмысы кезінде П қамырды оң қолымен қамыр қабылдағышта түзетуге шешім қабылдады және оң қолы қамырмен бірге білікке түсіп, оң жақ қолының буыны жарақат алып, қатты айқайлады. Сол кезде С жанында тұрды, жүріп барып, жаю машинаны өшірді. Цех жұмысшылары өндіріс меңгерушісімен бірге үстелде отырып, жартылай өнім фабрикаттарын жасады. Айғайды естігеннен кейін олар жаю машинасына жүгірді және бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті, жедел медициналық көмек шақырды.

 Жазатайым оқиғаның себептері

Жеке қорғану құралдарының (қамырдың арнайы ағаш қырғышының) қамтамасыз етілмеуі және қолданылмауы.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқуды және білімін тексеруді өткізбей, жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру.

Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері
Дата публикации
26 августа 2020