Электр тоғымен зақымдану

         2023 жылғы 22 қарашада сағат 18.35-те  «А» 3 разрядты жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрослесарь № 4 «Жарықтандыру» ТТҚ қоршауының ішіне кіріп, осы ТТҚ-ға көтерілді, бір қолымен жоғары кернеу жағынан ТТҚ кронштейнінен ұстады, екінші қолымен ТТҚ өтпелі изоляторынан сәл жоғары орналасқан №251 фидердің әуе желісінің сымына тиді, нәтижесінде электр жарақатын алды. Жәбірленуші «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ға жеткізілді, онда көрсетілген диагноз бойынша зақым өндірістік жарақаттың ауыр дәрежесіне жатады.

         Жазатайым оқиғаның себептері:

         Электр қондырғыларын жөндеуге, пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге бақылау болмағандықтан жұмыстарды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру.

         Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-тармақшасын бұзу.

            «Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығының 4,5,7, 43-тармақтары

Дата публикации
07 февраля 2024