Зардап шегушінің құлауы

         2023 жылғы 28 наурызда сағат 03.35-те № 1/3 «А» цехының электр станциясының отын беру машинисі отын беру трактісі бойынша ЛК -3 АБ конвейерлік лентасын жинау кезінде баспалдақпен төмен қарай жылжып, құлап, жарақат алды. Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілді, онда көрсетілген диагноз бойынша зақым өндірістік жарақаттың ауыр дәрежесіне жатады.

         Жазатайым оқиғаның себептері:

         № 2/3 қазандық турбиналық цехындағы жабдықтың жоғары тозуы салдарынан № 1/3 отын-көлік цехында жұмыс аймағының ауасының шаңдануы мен газдануының жоғарылауы, сондай-ақ жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы.

         Еңбек Кодексінің 182-бабы 2-тармағының 4-тармақшасын, 184-бабы 5-тармағын бұзу.

         «Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы бұйрығының 40-тармағы

Дата публикации
17 ноября 2023