Жазатайым оқиғаның мән-жайлары
Инженер-механик А «технологиялық кешен» учаскесінің бастығы Б жөндеу жұмыстарын жүргізуге – №5 технологиялық регламентке сәйкес Sandvik QE-440 електерінің конвейерлік лентасын ауыстыруға жазбаша наряд алды. Наряд жүйесі туралы ережені бұзуда наряд кітабына А инженер – механигіне және слесарьлар бригадасына наряд беру туралы жазуды тау шебері В жүргізді.
Ауысым басында учаскенің инженер-механигі А технологиялық кешен Г, Д, Е жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарларына ауызша түрде конвейерлік лентаны орнату бойынша жұмыстарды жүргізу үшін МД және ЖЖ (монтаждау демонтаждау және жабдықтарды жөндеу) учаскесіне кейіннен тасымалдау арқылы Sandvik QE-440 електерінің конвейерін демонтаждауға нұсқау берді. Тапсырманы алғаннан кейін бригада жабдықтарды бөлшектеу мен тасымалдауды орындауға кірісті.
20 сағ. 5 мин. конвейерді МД және ЖЖ ғимаратына тасымалдағаннан кейін инженер – механик А жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарьлар бригадасы бар МД және ЖЖ ғимаратына бет алды және конвейерлік лентаны орнату бойынша жұмысқа кірісті, №5 технологиялық регламентті бұзуда көпірлі кран жұмыс жүргізу кезінде қолданылды. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін 20 сағ. 10 мин. инженер-механик А жұмысын тоқтатпай, лентаны орнатуды жалғастырды. Жұмыс жүргізу кезінде МД және ЖЖ учаскесінің көпірлі краны қолданылды, көпірлі Кранның машинисті болмаған кезде кранды басқаруды осы жұмыс түрлеріне тиісті рұқсатсыз, оқыту және аттестаттау – МД және ЖЖ учаскесінің электр механигі жүргізді.
20 сағат 34 мин конвейерлік лентаны орнату бойынша жұмыс процесінде инженер – механик А конвейерлік ставаға 1600 мм биіктікке көтерілді. Конвейерлік лентаны барабанға жіберу үшін еден деңгейінен технологиялық регламентті бұза отырып, таспаны арқамен итеріп бағыттады, осы манипуляциялардың нәтижесінде конвейерлік таспа барабанға түсіп кетті,ал инженер-механик А конвейерлік ставадан құлап кетті.
Жазатайым оқиғаның себептері
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізуден, конвейер лентасын орнату кезінде қоршаудан тыс жерде жүруден және биіктікте жұмыс жүргізу кезінде жеке қауіпсіздік болмауынан көрінген механик инженерінің өрескел абайсыздығы.
«Технологиялық кешен» Б учаскесінің бастығы кәсіпорынның наряд жүйесінің талаптарын сақтамауынан көрініс тапқан жұмыстар өндірісін қанағаттанғысыз ұйымдастыру.