Жол қозғалыс ережелерін бұзу

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары

2019 жылғы 17 қаңтарда 8 сағат 30 минутта МАЗ автокөлігінің А жүргізушісі Б гараж меңгерушісінен қиыршық тасқа бару тапсырмасын алды. А белгіленген пунктке баратын жолда зауытқа қайта оралуды шешті.

2019 жылғы 17 қаңтарда сағат 13.30-да жүргізуші А МАЗ көлік құралын басқара отырып, Большая Объездная көшесінің бойымен батыс бағытта, Солтүстік өндірістік аймақ мекен-жайында орналасқан АЖҚС қарама-қарсы жол жүріп келе жатып, жолдан шығу кезінде көктайғақ жағдайында қауіпсіз жылдамдықты таңдамады , сол себепті ағашқа соғылды. ЖКО нәтижесінде жүргізуші А.бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды.

Жазатайым оқиғаның себебі

А зардап шегушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №11962 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны өрескел абайсыздығынан көрініс тапты.

Жол қозғалыс ережелерін бұзу
Дата публикации
30 июня 2020