Жазатайым оқиғаның мән-жайлары
2023ж. 19 қаңтарда КРУ контролері А мен Б «Черёмуховая» аялдамасында Кенжекөл ауылына қарай №21 бағдар бойынша жүрген В басқаруындағы Вольво автобусына отырды. А жүргізушінің артындағы алдыңғы орынға отырды.
«14 годовщина» аялдамасына жетпей, жаяу жүргіншілер жолының алдында, жол қозғалысының басқа қатысушысы (қара түсті автомобиль) автобусты озып, тоқтай бастады. Автобус жүргізушісі төтенше түрде тоқтай бастады. Соның салдарынан, осы сәтте қолымен орындықтың арқашасынан ұстап тұра бастаған А инерциямен алға қарай құлап, бұғанасын жарақаттап алды. Содан кейін, Б оған тұруға көмектесіп жедел жәрдем шақырды.
Жазатайым оқиғаның себептері:
Автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы