Положение об отделе контроля трудовых отношений по городу Павлодар управления труда Павлодарской области

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Павлодар қаласы бойынша еңбек қатынастарын бақылау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Павлодар облысы Еңбек басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
  4. Бөлім мыналардан тұрады:

         1) бөлім басшысы;
         2) бас маман;
         3) бас маман;
         4) бас маман;
         5) бас маман;
         6) бас маман.

        

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

        

  1. Бөлімнің негізгі функциялары

         1) еңбек заңнамасының сақталу жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге және талдау;

         2) Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

         3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

         4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

         5) Еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

         6) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының және өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысу;

         7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысу,

         8) Еңбек міндеттерін орындау кезінде материалдық құндылықтарды алуға жол бермеу;

         9) кейіннен құқық қорғау органдарына хабарлай отырып, мәжбүрлі еңбек және адам саудасы фактілерін анықтау;

         10) басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Бөлімнің негізгі құқықтары:

            1) өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету;

            2) лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алу;

            3) лауазымдық міндеттерін атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысанына қарамастан ұйымдарға бару;

            4) басшыдан атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл айқындауды талап ету;

            5) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылық, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасау;

            6) атқаратын лауазымына, сапасына, тәжірибесіне және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де негіздерге сәйкес ынталандыруы және еңбегіне ақы төленуі;

            7) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлану (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру;

            8) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер беру;

            9) біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылау;

            10) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап ету;

            11) еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және өнімділігі жоғары жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайлары;

            12) Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, оның ішінде басқарма басшысына бөлімнің жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

            13) Әлеуметтік және құқықтық қорғау;

  1. Бөлімнің міндеттері:

            1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;

            2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

            3) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыру;

            4) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау;

            5) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдау;

            6) заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау;

            7) басшының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;

            8) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу;

            9) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

            10) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін басқарма басшылығының назарына немесе Құқық қорғау органдарына дереу жеткізу;

            11) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

            12) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдауға, туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте басқарма басшысына жазбаша нысанда хабарлау;

            13) бөлім туралы Ережеге сәйкес міндеттер мен функциялардың орындалуын ұйымдастыру;

            14) бөлім мамандарының атқаратын лауазымына сәйкес міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты анықтау және олардың лауазымдық міндеттерін уақытылы және сапалы орындауын талап ету;

            15) заңдардың, ҚР Үкіметі қаулыларының; облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі өкімдерінің; басқарма басшысы мен оның орынбасары бұйрықтарының, өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

            16) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтау.

        

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

        

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта бөлім басшысы:

         1) бөлім туралы ережені әзірлейді және өз мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

         2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің бас мамандары:

         1) өз құзыреті шегінде бөлімнің қызметін үйлестіру;

         2) бөлім басшысы болмаған кезеңде бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

         3) бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
04 апреля 2022