Мемлекеттік еңбек инспекциясының 2022 жылдың 8 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың 1188 өтінішін қарады, оның ішінде 248 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, 939 - еңбек қатынастары бойынша, онда қойылған мәселелердің басым бөлігі жалақыны уақтылы төлемеуге тиесілі.

Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыра отырып, 218 тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер барысында 412 бұзушылық анықталды, 115 ұйғарым берілді.

Еңбек заңнамасының бұзушылықтарына жол бергені үшін 69 әкімшілік ескерту шығарылды және жалпы сомасы 7,6 млн.теңгеге 87 әкімшілік айыппұл салынды, 7,2 млн. теңге немесе 95% өндірілді.

Облыс әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдар, кәсіподақтар бірлестіктерімен, өзара іс-қимыл жасай отырып, еңбек жанжалдарын шешу, еңбекақыны уақыты төлемеуді болдырмау бойынша шаралар қабылдауда.

Еңбек тәуекелдерінің картасына сәйкес Павлодар облысы әлеуметтік шиеленістің орта аясында тұр.

Еңбекақыны уақытында төлемеудің жеке мәселелері мемлекеттік еңбек инспекторларымен дереу түрде шешіледі, бұл мәселелер тұрақты бақылауда.

Жыл басынан мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылданған шаралар нәтижесінде облыстың 42 кәсіпорында 69,3 млн. теңге сомасында жалақы бойынша қарыз өтелді және осылайша 303 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, жүргізілген мониторингке сәйкес, облыста жалақы бойынша ағымдағы және мерзімі өткен берешек жоқ. Бір банкрот кәсіпорында 10 қызметкер алдында жалақы бойынша берешек 482 мың теңгені құрайды («Муса Импекс» ЖШС).

Банкроттық кәсіпорындарындағы берешекті өтеу мәселелері мемлекеттік кірістер органдарының тұрақты бақылауында.

Облыс еңбек басқармасымен тұрақты негізде өндірістік жарақаттанудың жай-күйіне талдау жүргізіледі.

Облыс кәсіпорындар мен ұйымдарында 67 жазатайым оқиғалар орын алды, онда 67 адам зардап шекті, оның ішінде ауыр нәтижемен – 37 адам, өліммен аяқталған – 2 адам.

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндірістік жарақаттанудың 13%-ға төмендегені байқалады (2021 жылдың  8 ай ішінде - 77 зардап шеккен адамдар).

Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын ең жиі жол берілетін бұзушылықтар: зардап шегушінің өрескел абайсыздығы, жұмыс өндірісінің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу.

Салалар бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны: тау-кен металлургия өнеркәсібі, құрылыс, энергетикалық өнеркәсібі.

2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде кәсіпорындарды «Vision Zero» (нөлдік жарақаттану) әлеуметтік қамсыздандыру халықаралық қауымдастығының бағдарламасына қосу бойынша ақпараттық науқан жүргізу көзделген.

Бүгінгі күні, облысымыздың 18 кәсіпорны «Vision Zero – нөлдік жарақат» Концепциясын енгізді.

Кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесін енгізу мақсатында облыстың 107 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді (OHSAS 18001, МОТ-СУОТ и др.).

Зиянды еңбек жағдайларында ескірген жабдықтары бар модернизацияланбаған кәсіпорындарда 46 мыңға жуық жұмысшы жұмыс істейді. Жыл басынан зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету үшін  26 өндірістік объект аттестатталды.

 Облыс кәсіпорындарында 840 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндеттеріне өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына тексеру жүргізуді ұйымдастыру кіреді.

Облыс бойынша 11 кәсіпорын «Халықтық бақылау» жобасына қосылды, оның негізгі мақсаты өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Анықтама: «Богатырь Көмір» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС ӨФ, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС, «МК Евразия-Агро» ЖШС, «ТНК «Казхром» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «Аслан» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Щербак» ШҚ, «Неупокоев В.И.» ШҚ.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» көрсеткіші бойынша орындау жоспардағы 85% - ға қарағанда 82% - ды құрады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары арасында еңбек заңнамасының нормаларын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Күн сайын келіп түскен шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан 46 оқыту семинар – кеңесі өткізілді. Семинарлармен 600-ден астам адам қамтылды. Облыс мемлекеттік еңбек инспекциясының жедел желі WhatsApp арқылы  800-ден астам сұрақтар келіп түсті, осы бойынша түсіндіру мен кеңестер берілді.

Облыс барлық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен өзара байланыс орнатылған, бұл жедел кеңес беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай тұрақты, еңбек жанжалдары тіркелген жоқ. Кәсіпорындар ұжымдарында да, жалпы өңірде де әлеуметтік шиеленіске жол бермеу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Дата публикации
09 сентября 2022