Зардап шегушінің құлауы

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары

 Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жазғы кезеңде мектеп штабының құрамы бекітілді.

28 мамырда жұмыс күнінің бірінші жартысында А мектеп штабының басқа мүшелерімен бірге құжаттама дайындаумен айналысты. Түскі үзілістен кейін лагерь аумағын безендіруге алдын-ала тапсырыс берілген стендтер мектепке жеткізілді. Медициналық кабинеттің 1-қабатында қабырғаға 2 стенд (кабинеттің сол жағында «судағы қауіпсіздік» стенді, оң жақта «доктор Айболит» стенді) бекіту қажет болды. 16 сағат 13 минутта бастауыш сынып мұғалімі Б орындықты алып, оны медициналық кабинеттің жанына орнатты. Содан кейін ол орындыққа мініп, қабырғаға «доктор Айболиттің» стендін орната бастады. А стендке қарама-қарсы орналасқан орындыққа отырды. Б қабырғадағы стендті нығайтып, орындықты бүйіріне қарай жылжытты. Сағат 16:16-да А стендтерді түзету үшін (симметрия)  орындықтан тұрып, «судағы қауіпсіздік» стендіне қарай барып, қарады да «доктор Айболит» стендіне қарай қозғала бастады. А дәліздің ортасында Б қалдырған  орындықты көрмей,  оған сүрініп, құлап түсті. Одан кейін оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен адамды Г.Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасына жеткізді.

Жазатайым оқиғаның себептері:

Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы

Еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер

Дата публикации
23 июня 2022