Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары

2021 ж. 06 тамызда  шамамен 18.45 минутта «А» жүргізушісі мен «Б» дәрігері УАЗ 396295-446 а/м-де пациентті қалалық ауруханаға апарды.

 23 сағат 30 минут шамасында Павлодар ауданы Сычевка ауылының жанындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолында «В» «Ниссан Патрол» маркалы автомобильді жүргізіп, басып озу маневрі жасалған кезде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыт ала отырып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан «А»  «УАЗ 396295-446» маркалы көлік құралымен соқтығысқан.

 «Б» ЖКО салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. «А» қалалық ауруханаға жатқызылды.

Жазатайым оқиғаның себебі

«Ниссан Патрол», автомобиль жүргізушісінің «В»  автожол қозғалысы ережелерін бұзу (Құқық қорғау органдары ұсынған материалдарға сәйкес).

Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы
Дата публикации
20 октября 2021