Жазатайым оқиғаның мән-жайлары
06 сағат 20 минут шамасында Транспорт цехының (ТЦ) технологиялық транспорт бөлімшесінің (ТТБ) жүргізушісі А. Электрод өндіру цехының араластыру-престеу бөлімінде (АПБ) жұмыс істей отырып, ауысым бастығының міндетін атқарушы Т. – дан КамАЗ автомобилімен «скрапты» (яғни анодтарды өндіруге арналған шикізатты) одан әрі жүгін түсіру үшін 86 қойманың аумағына шығару керек деген тапсырма алды. №86 қоймадағы жүк түсіру орны мен шығаберісінің ара қашықтығы – 180 метр.
«Скрапты» түсіру кезінде автомобильдің кузовы тірелгенше көтерілген еді. Жүк түсіруі аяқталғаннан кейін ТЦ ТТБ жүргізушісі А. автомобиль кузовының түсіру батырмасын басып, кузовтың аяғына дейін түспегеніне көз жеткізбестен, алға қарай жүріп кетуінің себебін қараңғыда көрмедім деп түсіндірді. Қозғалыс барысында жүргізуші №86 қоймадағы автомобильдің көтерілген кузовымен биіктік шектегішін тиіп кетті, автомобиль шектегішке ілінген кузовымен алға қозғалысты жалғастырды, себебі автомобильдің жылдамдық ауыстыру қорабы қосылған еді. Соның нәтижесінде биіктік шектегіші бүгілді. Осы кезде автомобильдің алдыңғы дөңгелектері жолдың бетінен аздап көтеріліп, автомобиль кабинасымен жоғары қарай көтерілді, кабинаны көтерген кезде автомобильдің кузовы биіктік шектегішінен ағытылып кетті, автомобиль дөңгелектерге күрт көтеріліп, бастапқы қалпына оралды және алға қарай қозғалысты жалғастырды. Бірнеше метрден кейін автомобиль кузовымен кабельді эстакадаға соғылып, оны бүгіп, қозғалысын тоқтатты.
КамАЗ автомобилінің қозғалысы тоқтатылғаннан кейін 07:20 шамасында ТЦ ТТБ жүргізушісі А. арқасының ауыруын сезді, В. деген Транспорт цехының автотранспорттық құралдарының бақылаушысына болған жағдай туралы ұялы телефон арқылы хабарлады.
Жазатайым оқиғаның себептері
КамАЗ автомобилін пайдалану жөніндегі нұсқаулығын бұзудан көрінген жәбірленген А. - ның өрескел абайсыздығы.
Жұмыс өндірісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы.