Жазатайым оқиғаны мән-жайлары
Жұмысты орындау үшін А жүргізушісі 15.20 сағат шамасында Б, В, Г, Д жөндеушілерін стритбол алаңына апарды. Жұмысшылар бояуды, асылмалы баспалдақты және басқа да құралдарды машинадан түсірді.
Б және В қалқанды бояды, ал Г және Д ағаштардың бұтақтарын кесті. А жүргізуші Г және Д көмектесуге ұйғарды, және асылмалы баспалдақтың көмегімен стритбол алаңының қоршауына мінді, бірнеше бұтақты кесті де тепе-теңдңкті жоғалтып асфольтқа құлады. Бұның нәтижесінде ауыр жарақаттар алды. Қызметкерлер басшылық пен жедел жәрдем бригадасын шақырды. 18 сағат 00 минутта А №1 Павлодар қалалық ауруханасының политравма бөліміне түсті.
Жазатайым оқиғаның себептері
Қауіпсіз жұмыс тәжірибесін оқытудағы кемшіліктер, бұл жұмыс беруші еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды дұрыс ұйымдастырмаған, сонымен қатар қызметкерге оқыту жүргізіп, қызметкерді қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша, міндетті білім тестінен өткізбеген. Бұзушылық: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 182-бабы, 2-тармағы, 2-тармақшасы, жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізуге (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығы)
Еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу, апат болған кезде А жүргізушісі жұмыс берушінің тапсырмасыз өз бастамасы бойынша жөндеуші жұмысын жасағандығы. Бұзушылық: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы 2-тармағының 2- тармақшасын бұзу.