Жазатайым оқиғаның мән-жайы
Жұмысшы конверттік машина машинисі лауазымына жұмысқа қабылданған. Жұмысқа жіберілгенге дейін ол еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қажетті нұсқамалардан, білімін тексеруден, сондай-ақ медициналық тексеруден өткен.
Оқиға болған күні жұмыс ауысымы басталар алдында жұмысшы ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтіп, сағат 08:00-де ауысымдық тапсырмаға сәйкес еңбек міндеттерін орындауға кіріскен.
Жұмыс барысында дайын өнімнің беріктігіне сынақтар жүргізілген. Қапты толтыру кезінде фасовкалау машинасының беру арнасының бітелуіне байланысты қиындықтар туындаған.
Шамамен сағат 16:10-да жұмысшы фасовкалау машинасын тазалауға кіріскен. Жұмысты орындау барысында ол жетек белдігін қолымен ұстап, беру шнегін айналдыру үшін белдікті қолмен бұруға әрекет жасаған. Осы сәтте жетек іске қосылып, қызметкердің қолы жабдықтың қозғалмалы бөліктерінің арасына тартылып кеткен, соның салдарынан оң қолының саусақтары жарақаттанған.
Тергеу барысында оқиға болған сәтте фасовкалау машинасы жетегінің қозғалмалы және айналмалы бөліктерінің қоршауы болмағаны анықталған.
Оқиғадан кейін жұмысшы болған жағдай туралы бригадирге хабарлаған. Зардап шеккен жұмысшыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына берілген.
Жазатайым оқиғаның себептері
Жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуы қамтамасыз етілмеген, атап айтқанда, жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жетек механизмінің қозғалмалы және айналмалы бөліктерінің қоршауы болмаған кезде машинаны пайдалануға жол берілген, соның салдарынан өндірістік жұмыс жүргізудің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылған. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу.