GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Құжаттар
Все материалы
14 октября 2026
Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекиннің 2026 жылғы 14 қазан мен 25 қараша аралығында өткізілетін халықпен тұрақты кездесулер ТҮЗЕТІЛГЕН КЕСТЕСІ

 

29 сентября 2026
Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекиннің 2026 жылғы 2 қазан мен 25 қараша аралығында өткізілетін халықпен тұрақты кездесулер КЕСТЕСІ

12 сентября 2026
Солнечный: 40 жылдық тарих, еңбек және даму

Солнечный: 40 жылдық тарих, еңбек және даму

5 қыркүйекте Солнечный кентінде елді мекеннің 40 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қатысқан тұрғындар мен қонақтарды Екібастұз қаласының әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин құттықтады.

Көп жылғы еңбегі, кенттің дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін тұрғындар мен еңбек ұжымдарының өкілдері марапатталды.

Өз сөзінде қала әкімі 40 жыл тарих үшін қысқа уақыт болғанымен, бірнеше ұрпақ үшін тұтас бір дәуір екенін атап өтті. Осы уақыт ішінде Солнечный қалыптасудың үлкен жолынан өтіп, бірнеше буынның туған жеріне, құтты мекеніне айналды.

Кенттің тарихы энергетика саласының дамуымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуы 1979 жылы басталған ГРЭС-2 құрылысының басталуымен қатар жүрді. 1990 жылы алғашқы энергоблок, ал 1993 жылы екінші энергоблок іске қосылды. Станциямен бірге кент те өсіп, еңбек әулеттері қалыптасты, дәстүрлер орнығып, Солнечныйдың өзіндік рухы қалыптасты.

«Солнечныйдың басты байлығы – оның адамдары», – деп атап өтті Аян Бейсекин. Ол аға буынның еңбегі мен бүгінгі тұрғындардың жетістіктеріне ерекше тоқталды.

Сөз соңында қала әкімі тұрғындарға зор денсаулық, амандық пен жаңа жетістіктер тілеп, инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Бұл күні тұрғындар мен қонақтарға арнап спорттық және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік күн қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен үлкен концертпен қорытындыланып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

12 сентября 2026
Екібастұзда аналардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтілді

Екібастұзда аналардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтілді

3 қыркүйекте Екібастұзда көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин қатысты.

Бұл күні 17 көпбалалы ана мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның бесеуі «Алтын алқа», 12-сі «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.

Аталған төсбелгілер – аналардың еңбегіне, бала тәрбиесіне деген қамқорлығына, отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесіне көрсетілген құрметтің белгісі.

«Ана еңбегі – махаббат, даналық пен зор рухани күштің көрінісі. Бүгінгі марапат – бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңізге деген терең құрметіміз бен шынайы алғысымыздың белгісі», – деді қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин.

Марапат иелерін құттықтаған қала әкімі оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен бақ-береке тіледі. Балаларының дені сау, табысты болып, ата-аналарын әрдайым қуаныш пен мақтанышқа бөлей беруіне тілектестік білдірді.

Отбасын қолдау, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың толыққанды тәрбиесі мен дамуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

12 сентября 2026
Екібастұз үшін Кеншілер күні – ерекше мереке

Екібастұз үшін Кеншілер күні – ерекше мереке

29 тамызда Екібастұзда Кеншілер күніне орай көмір өнеркәсібінің қызметкерлері мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қала тарихы мен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін атап өтті.

Екібастұздың қалыптасуы мен дамуы көмір өндірісімен тығыз байланысты. Бүгінде өңірдің көмір саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Соңғы үш жылда «Богатырь Көмір», «Восточный» разрезі және «Ангренсор Энерго» кәсіпорындарында 162 миллион тоннаға дейін көмір өндірілді.

«Кеншілер күні – шаһарымыздың тарихын қалыптастырып, тағдырын көмір өндірісімен сабақтастырған еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі. Екібастұздың негізі де осы салада маңдай терін төккен азаматтардың қажырлы еңбегімен қаланды. Сондықтан бұл күнді қаламыздың басты мерекесі деп айтсам, қателеспеймін», – деді Аян Бейсекин.

Қаланың энергетикалық және өнеркәсіптік әлеуеті жаңа даму мүмкіндіктеріне жол ашуда. Ірі инвестициялық және энергетикалық жобалармен қатар, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Үкімет басшылығының және Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Мерекелік іс-шара Қазақстан эстрадасы мен шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасып, кеш соңында қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік отшашу ұсынылды.

01 сентября 2026
Екібастұзда білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары талқыланды

20 тамызда Екібастұз қаласында қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекиннің қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиында білім сапасы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалардың қауіпсіздігі және инклюзивті ортаны дамыту мәселелері басты назарға алынды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 59 түлек «Алтын белгі» белгісін растады, 52 түлек үздік аттестат алды. 20 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанса, интеллектуалдық байқауларда оқушыларымыз 240 жүлделі орын иеленді. Қала бойынша ҰБТ-ның үздік нәтижесін №13 мектеп көрсетті — 82%. Ал №36 мектеп-лицейінің түлегі Дильназ Абзалова 131 балл жинап, қала түлектері арасындағы ең жоғары нәтижені көрсетті.

Педагогтер арасында да жоғары жетістіктер бар. Үш мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болса, №33 мектептің мұғалімі Хаби Айнагүл республикалық «Үздік психолог» байқауының жеңімпазы атанды.

Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Атығай ауылында 120 орындық мектептің құрылысы аяқталды. 31-шағынауданда 140 орындық мамандандырылған инклюзивті балабақша салынуда. Биыл 29 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Сонымен қатар қала әкімі мемлекеттік балабақшалардың жағдайына толық аудит жүргізіп, оларды кезең-кезеңімен жаңғыртудың нақты жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Жиында тәрбие жұмысына, буллингтің алдын алуға, балаларға психологиялық қолдау көрсетуге және оларды цифрлық ортадағы қауіптерден қорғауға да ерекше назар аударылды.

«Біздің ортақ міндетіміз – білімді, жауапты әрі отансүйгіш азамат тәрбиелеп, әр бала үшін қауіпсіз және тең мүмкіндік қалыптастыру», – деді қала әкімі.

Іс-шара соңында кәсібилігі, көп жылғы адал еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін ұстаздар марапатталды.

Тамыз конференциясы өткен оқу жылын қорытындылап, Екібастұз қаласының білім беру жүйесінің жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтарын айқындаған маңызды алаңға айналды.

01 сентября 2026
Екібастұзда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

   13 тамызда Екібастұз қаласындағы «Кеншілер» саябағында қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекиннің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.

Қабылдауға 22 қала тұрғыны жүгінді. Негізгі мәселелер абаттандыруға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту аясындағы жобаларды іске асыруға, сондай-ақ басқа да тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерге қатысты болды.

Кездесу барысында қала әкімі тұрғындардың өтініштерін жеке тыңдап, әр мәселе бойынша одан әрі атқарылатын жұмыстарды белгіледі.

«Барлық мәселе қабылданып, бақылауға алынды және тиісті бейінді қызметтерге бекітілді. Барлық мәселенің толық шешілуі менің жеке бақылауымда болады», — деді Аян Бейсекин.

Азаматтарды ашық қабылдау және тұрғындармен тікелей диалог орнату Екібастұзда қалыптасқан тұрақты тәжірибеге айналды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

22 августа 2026
Екібастұзда ұлы Абайдың рухына тағзым етті

10 тамыз – ұлы қазақ ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Осы күні Екібастұзда қоғам өкілдері, ардагерлер мен жастар ұлы Абайдың рухына тағзым етті. Тағзым рәсіміне Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де қатысып, ұлы ойшынды еске алды. Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Абайдың артында мол әдеби әрі философиялық мұра қалды. Оның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, білімге, адал еңбекке, әділдікке, жауапкершілікке және үнемі өзін-өзі жетілдіруге үндейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасының қазіргі Қазақстан үшін айрықша маңызын бірнеше рет атап өтіп, ұлы ойшылдың мәдениетті дамытуға және ұлттық сананы жаңғыртуға қосқан зор үлесіне назар аударды.

Ұлы ойшылдың идеяларының жас ұрпақтың жүрегінен орын табуы – аса маңызды. Білімге ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық және дамуға деген талпыныс – қай заманда да маңызын жоймайтын құндылықтар.

Абайдың мұрасы ұрпақтар сабақтастығын жалғап, қоғамның рухани дамуына қызмет етіп, болашаққа бағыт-бағдар беруді жалғастыра береді.

Құрылтай - 2026
30 июля 2026
ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін «ЖСН бойынша өз сайлау учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.

Өз сайлау учаскеңізді төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:

https://t.me/PVLSailau_bot

 
 
29 июля 2026
Екібастұз қаласы мен Солнечный кентіндегі екі сайлау учаскесінің орналасқан жерінің өзгеруі туралы ақпарат

Екібастұз қаласы мен Солнечный кентіндегі екі сайлау учаскесінің орналасқан жерінің өзгеруі туралы ақпарат

 

       Құрметті Екібастұз қаласы мен Солнечный кентінің тұрғындары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Дауыс беру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Екібастұз қаласы мен Солнечный кентіндегі екі сайлау учаскесі басқа ғимараттарға көшірілгенін хабарлаймыз.

№ 516 сайлау учаскесі:

-бұрынғы мекенжайы: Екібастұз қаласы, Деповская көшесі, 1 («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының ғимараты);

-жаңа мекенжайы: Екібастұз қаласы, Астана көшесі, 4 («Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС ғимараты).

 

№519 сайлау учаскесі:

-  бұрынғы мекенжайы: Солнечный кенті, Жамбыл желекжолы, 1/1 («Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК ғимараты);

-  жаңа мекенжайы: Солнечный кенті, Абай көшесі, 45 («№28 Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ ғимараты).

 

Көрсетілген сайлау учаскелеріне тіркелген тұрғындардан дауыс беруге қатысуды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және барлықтарыңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз!

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы