
Сеньорлар арасындағы турнир
14-18 қазан аралығында "Замандас" ардагерлер клубының залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сеньорлар арасында шахматтан қалалық турнир өтті.
Жарыс 70 жасқа дейінгі және 70-тен асқан ерлер арасында өткізілді.
Жарыс Швейцария жүйесі бойынша әрқайсысы 20 минуттан 5 турда өтті. Ұтыс ойыны жүйесін нақтылау төрешілер алқасының отырысында анықталды.
Қортындысында орындар келесідей бөлінді:
Мякинький Н. - I орын
Таранов В. - II орын
Торғаев К. - III орын
Трубачев В. - I орын
Соколов Е. - II орын
Мұсаипов Б. - III орын алды.
Жеңімпаздар мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімінің атынан грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Турнирге қатысушылар бөлім басшылығына, сонымен қатар іс -шараны ұйымдастырғаны үшін Ардагерлер кеңесіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты