2022 жылғы 9 қыркүйек екі сайлау округінде Екібастұз қаласының ауылдық әкімдерінің сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралый Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының Екібастұз қаласының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қоянды ауылдық округі
Қоянды ауылдық округінің әкімін сайлау.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 623 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 528. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсы» белгісі бар - 3.
Әр кандидатқа берілген дауыстардың саны:
Е.С. Аушакимов– 37, Л.Р. Муритова - 121, А.С. Хакимов– 364.
Қоянды ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Абай Серикович Хакимов, 1983 жылы туған, «Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің әкімі, Екібастұз қаласында тұрады, «Amanat» партиясы ұсынды.
Төрт – Құдық ауылдық округі
Төрт – Құдық ауылдық округінің әкімін сайлау.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 394 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 296. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Барлығына қарсы» белгісі бар - 11.
Әр кандидатқа берілген дауыстардың саны:
А.Р. Онгонусов– 166; А. Сембин - 8, Н.К. Сулейменова – 20,
Ж.А. Уалинова - 86.
Төрт - Құдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Онгонусов Алибек Райханович, 1984 жылы туған, «Төрт – Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің бас маманы, Төрт – Құдық ауылдық округінің Төрт – Құдық ауылында тұрады, өзін – өзі ұсынды.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы