2022 жылғы 28 қыркүйекте Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында «2022 жылдың 9 қазанына тағайындалған Екібастұз қаласының Қоянды, Төрт-Құдық ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» қаулы қабылданды.
2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 18:00 - дегі жағдайы бойынша Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қоянды, Төрт-Құдық ауылдық округтерінің әкімдігіне ұсынылған 7 кандидаттың 7 - ін тіркеді.
Олардың ішінде 3 (42,9%) – әйел, 4 (57,1%) – ер адам. Үмікерлердің орташа жасы – 45 жас. Ең үлкен кандидат – 60 жаста, ең жас – 31 жаста.
Үміткерлер мамандығы бойынша: экономика, ақпараттық жүйелер, оқытушылар, мал шаруашылығы, мәдениеттану.
Үміткерлер қатарында: мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, ауылдық округ әкімі.
28 қыркүйекте сағат 18:00 - ден бастап Қоянды, Төрт-Құдық ауылдық округтерінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар 2022 жылғы 8 қазан күні сағат 00:00 - ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ - тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут; радиодан - 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.
Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тен шарттарға кепілдік беріледі.
|
№ |
Ауылдық округ атауы |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жыл |
Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны |
Тұратын жері |
Ұсынылуы |
|
1 |
Коянды ауылдық округі |
Хакимов Абай Серикович |
1983 |
Қоянды ауылдық округінің әкімі «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі,75-56 |
«AMANAT» партиясы |
|
2 |
Аушакимов Ерсаин Серикович |
1991 |
Ондірістік жұмыстар секторының менгерушісі «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс болімі» ММ |
Екібастұз қаласы, Королев көшесі, 74Б - 8 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
3 |
Муритова Лаура Рашидовна |
1980 |
Қоянды ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы, «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Коянды ауылы Женіс көшесі, 16-1 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
4 |
Төрт-Құдық ауылдық округі |
Онгонусов Алибек Райханович |
1984 |
Төрт-Құдық ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы «Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Төрт-Құдық ауылы Фабричная көшесі, 9-1 |
өзін-өзі ұсынған |
|
5 |
Сулейменова Назира Кисмановна |
1963 |
мектеп директорының оку-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Павлодар облысы білім беру басқармасының, Екібастұз білім беру бөлімі «Төрт-Құдық жалпы орта білім беру мектебі» КММ |
Төрт-Құдық ауылы Жамбыл көшесі, 15 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
6 |
Сембин Амангельды |
1962 |
Екібастұз ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы «Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Тортүй ауылы Естай көшесі, 14-2 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
7 |
Уалинова Жанар Амангельдиновна |
1978 |
әдіскер «Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Атамұра» мәдениет орталығы» КМҚК – нің Төрт – Құдық ауылдык клубы |
Екібастұз қаласы Шешембеков көшесі, 19 а - 27 |
өзін-өзі ұсынған |