Меню

Страницы

Статья

Балалардың отпен тентектігі

Өрттердің пайда болу себептері алуан түрлі. Алайда олардың ішінде ерекше көңілге түсетіні – балалардың отпен тентектігі. Балалардың қолындағы сіріңкелер үлкен бақытсыздыққа (бәлеге) әкеп соқтыруы мүмкін.

Балалардың отпен тентектігі себебінен болған өрттер көбінесе өрт қауіпі кезеңінде, балалардың жазғы демалысы уақытында пайда болады.

Балалардың отпен тентектігінен кейбір сақтық шаралары туралы еске сала кетейік:

- балаларды жасы үлкен балалармен де үйде жалғыз жаппаңыз;

- балалардың қолы жетпейтін жерлерлерде сіріңкелерді, шақпақтарды, пиротехникалық бұйымдарды (салюттер, петардалар, шартылдақтар) сақтаңыз;

- балаларды ересектердің қарауынсыз үйде де далада да қалдырмаңыз;

- балаларға сарайларда, шатырдың астында, пішен сарайларында, шаруашылық құрылыстарда, шаруашылық қора-қопсыларда ойнауға рұқсат бермеңіз;

- балаларға отпен ойнау қаңдай қауіп төндіретінін және ол неге әкеп соқтыратынын әрдайым түсіндіріп отырыңыз.

Балалардың отпен тентектігінен тек материалдық құндылықтар ғана емес, сонымен қатар қоршаған адамдар мен балалардың өзіне зиян келуі мүмкін.

Ересектер отпен ойнаудың қауіпті екендігін балаларға әрдайым түсіндіруі және есте сақтауы қажет.

Оларға тұрмыс электр құралдарымен дұрыс қолдануы дағдыларын, үйде, далада, мектепте, аулада дұрыс тәртібін тәрбиелеу керек.

Құрметті ата-аналар, жоғарғы сынып оқушылары! Егер отпен қауіпті ойын ойнап жатқан баланы көрсеңіз, сырт өтіп кетпеңіз, немқұрайлы болмаңыз, баланы бәледен сақтаңыз (арашалаңыз)!

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы