Меню

Страницы

Статья

Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметке қалай тұруға болады

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметке кіру конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі кезеңдерден өту қажет:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу;
  2. жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу;
  3. әңгімелесу.

Конкурстық іріктеу мемлекеттік органда ашық бос лауазымдар болған жағдайда жүргізіледі. Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында және Екібастұз қаласы әкімдігінің сайтында жарияланады.

Егер Сіз мемлекеттік қызметке арналған конкурстарға қатысуды жоспарласаңыз, мемлекеттік органның конкурс жариялауын күтудің қажеті жоқ. Сіз мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден алдын ала өте аласыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді. Тестілеу нәтижелеріне қарай берілген Сертификат пен қорытынды тестілеу өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды және Сіз олармен сертификатта көрсетілген санаттар бойынша ҚР Мемлекеттік қызметіне арналған кез келген конкурсқа қатыса аласыз.

         Тестілеуге қатысу үшін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ХҚКО) жүгіну қажет.

         ХҚКО-ға жүгінген кезде азамат оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі көп емес:

1) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын жеке тұлғалар да қатыса алады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»  халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

          Кандидаттың қолында

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың болуы;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындыны қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі «Е-қызмет» ЫАЖ арқылы тексереді.

Яғни, көрсетілген құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Конкурс жеңімпазы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалады.

Барлықтарыңызды мемлекеттік қызметке арналған конкурстарға қатысуға шақырамыз.

 

Дата публикации
21 сентября 2022
Дата обновления
21 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы