Қазақстан республикасында жыл сайын орташа есеппен 9000-нан астам өрт тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі шараларының сақталмауынан болады. Өрттің шығуына жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар;
-электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
-электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жиһаздан алшак, жанбайтын тіреулерде орналастырыңыз;
- электір аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады;
- қолдан жасалған қыздырғыш электр аспаптарын, куаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленберген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
- қыздырғыштарды киім-кешек кептіру үшін пайдаланбаңыз;
- үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз
- үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз
- сіріңке мен жандырғыш кұралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
- балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз
- төсек орнында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балкондар мен лоджиялардан лақтырмаңыз
- дайындалып жатқан тамақтың плитада бақылаусыз қалуына жол бермеңіз.
Өрт болған жағдайда «101» телефон соғыңыз құтқару қызметі телефоны «112».
Екібастұз қаласының ТЖБ