Жанғыш газдары бар баллондарды жеке тұрғын үйлерде, пәтерлерде және тұрғын
бөлмелерде, сондай-ақ ас үйде, эвакуациялау жолдарында, баспалдақ торларында, цокольдық қабаттарда, жертөле және шатыр үй-жайларында, балкондар мен лоджияларда сақтауға тыйым салынады.
Зауотта дайындалған газ плитасына қосылған көлемі 5 литрден аспайтын 1 баллонды қоспағанда, тұрмыстық газ аспаптарына (оның ішінде ас үй плиталарына, су жылыту қазандықтарына, газ колонкаларына) арналған газ баллондары ғимараттардан тыс жанбайтын материалдардан жасалған жапсарлас құрылыстарда (шкафтарда немесе баллондардың жоғарғы бөлігін және редукторды жабатын қаптамалардың астында) қабырғаның саңырау ақжаймасының жанында ғимаратқа кіреберістен, цокольдық және жертөле қабаттарынан кемінде 5 метр қашықтықта орналастырылады.
Газ баллондарына арналған жапсаржайлар мен шкафтар құлыпқа жабылуы және желдетуге арналған жалюзи, сондай-ақ "От қауіпті. Газ".
Жеке тұрғын үйлерге, сондай-ақ газ баллондары қолданылатын ғимараттар мен құрылыстарға кіре берісте "От қауіпті. Газ баллондары".
Тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде тыйым салынады:
А) газ шыққан кезде тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану;
б) газ арматурасының бөлшектерін ұшқын шығаратын құралдың көмегімен жалғау;
в) ашық жалын көздерінің, оның ішінде сіріңкелердің, оттықтардың, шамдардың көмегімен қосылыстардың герметикалығын тексеру.
Газды сақтау кезінде:
а) газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелері ақ бояумен боялады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады;
б) баллондарды ашық алаңдарда сақтау кезінде баллондарды жауын-шашыннан және күн сәулесінен қорғайтын құрылыстар жанбайтын материалдардан жасалады;
в) жанғыш газы бар баллондар оттегі, Сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газы бар баллондардан бөлек сақталуы тиіс;
Өрт кезінде "101"
Құтқару қызметі " 112"
Екібастұз қаласы ТЖБ