Меню

Страницы

Статья

Өз автокөлігінді өртен сақтау!

Орташа есеппен көлік 5-10 минут аралығында жанып кетеді, сондықтан өртті әуел баста ауыздықтау қажет. Өрт бола қалса қандай іс-әрекеттер жасау керектігіне  бірер кеңестер:  жану басталып,  түтіннің шығуын байқап қалсаңыз, көлікті тез арада  жол жиегіне  тоқтату керек.

Отты қурткамен немесе  басқа да затпен сөндіріп, уақытыңызды кетірмеңіз. Оған қоса жарақат алуыңыз да  мүмкін.

Отты өртсөндіргішсіз сөндіремін деп бос әуреге түспеңіз. Егер от капоттың  астынан шықса, капотты қырынан таяқпен немесе монтировкамен  байқап ақырын ашу керек.

Ашқан кезде өте сақ болған жөн, өйткені от жалындап кетуі мүмкін. Көлік астына төгілген жанармайды  сөндіру үшін өртсөндіргішті қолданыңыз.

Өртсөндіргішті негізінен қатты жанып жатқан жерге бағыттаңыз. Отқа брезент жабуға, құм, топырақ шашуға, су құюға болады. Көліктің қалың өрт шалған жеріне пакетті суды күшпен лақтыру да тиімді.

Өртті  май болған немесе бензин төгілген киімде сөндіруге болмайды. Көліктің қандай түрінде болсын  іске жарамды, қызмет көрсету мерзімі шықпаған өртсөндіргіш болуы міндетті.

Болмаса жаңасын сатып алу немесе ескісін қайта толтыру кезі келген шығар. Уақыт өткен сайын көліктің электр сымдарының жай- күйін  және де басқа да өрт шығу қатері жоғары тетіктерін көзбен қарап тексеруді ұмытпаңыз. Қажет болса мамандарға жүгініңіз.

Балаларды автокөлік салонында ата-анасының қарауынсыз қалдырмаңыздар. Сіріңке, от шырпыны көлікте ұстамаңыздар.

Автотұрақ бөлмелері мен  гараждарда:  жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді қоюға,  электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға; автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға; бөлшектерді оталғыш және жанатын сұйықтықтармен жууға; жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға  жол бермеу қажет.

                               Павлодар облысының ТЖД ӨҚСБПҚБ  аға

инженері өртке қарсы қызмет майоры Анна Лысикова

 

Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы