Бүгін Теміржол ауылдық округінің №553 сайлау учаскесінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ашық есік күні өтті. Іс-шараға жергілікті мектептің 9-11 сынып оқушылары мен Теміржол ауылдық округіне жаңадан сайлан әкім Е.Е.Касеналин қатысты.
Сайлау комиссиясының төрағасы К.К.Карымжанов балаларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы шеңберінде сайлауды өткізу рәсімімен таныстырып,
Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі заңы бойынша дауыс беруге кім қатыса алатынына тоқталды.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың да сайлау процестеріне қатысуға құқығы бар екенін атап өтті. Бұл үшін сайлау органдары сайлау құқықтарын және олардың сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.
Учаскелік сайлау комисиясының хатшысы В.А.Шафигулина учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысымен таныстырды.